Шымкентте үндістандық екі студенттің денесі табылды

Өлімнің себебі әзірге белгісіз.

Шымкентте үндістандық екі студенттің денесі табылды
Сурет: www.istockphoto.com
323

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады. Екі жігіттің мәйіті 17 қыркүйек күні таңертең табылған. Өлімнің себебі әзірге белгісіз. 

Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, Үндістаннан келген 21 және 22 жастағы екі жігіт  Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2 курс студенттері болған. Олардың мәйіттері аталмыш университеттің басқа да студенттері тұратын пәтерден табылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шетелдіктердің өлімінің себебі әлі белгісіз, нақты ақпарат тек сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін ғана жарияланады.

Газ қызметкерлерінің айтуынша, пәтерде газ иісі анықталмаған. Студенттердің мәйіттері пәтердің жатын бөлмесі мен дәлізінен табылды.

Серіктес жаңалықтары