Көпен Әмірбектің 36 жас кіші әйелі сатириктің бірінші отбасымен қарым-қатынасы жайлы айтты

Белгілі сатирик Көпен Әмірбек 2022 жылдың қараша айында, 73 жасқа қараған шағында дүние салды.

Көпен Әмірбектің 36 жас кіші әйелі сатириктің бірінші отбасымен қарым-қатынасы жайлы айтты
Көпен Әмірбек екінші жұбайы Әйгерім Асановамен
Автор
Админ
8595

Сатирик 65 жасында өзінен 36 жас кіші Әйгерім есімді аруға үйленіп, Жұбаныш атты ұл сүйген еді. Ал бірінші жарынан бір ұл, бір қызы бар.

Әйгерім Асанова «Астарлы ақиқат» бағдарламасында Көпен Әмірбектің өмірінің соңғы күндері, бірінші некесінен туған балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп жазады turkystan.kz.

«Көп ауырған жоқ. Біз өзіміз де тез кетіп қалады деп күтпедік. Асқазанына ота жасады. Соны көтере алмады. Жұбаныштың есімін «жасым келгенде жұбанайын» деп қойған еді.  Жұбанышты өнерге жақындатқысы келмеді. Әскери салаға барса екен деп армандайтын. Бірақ үшке толысымен өзімен бірге алып жүретін. Құдай қанша ғұмыр берер дейсің, қасымда жүрсін әрдайым деп, ертіп кететін. Кішкентай Жұбаныштың қызығын көріп, үйлендіріп, соның баласын құшағыма басып кетсем ешқандай арманым жоқ дейтін. Өкінішке қарай ол арманына жетпеді. Қазір Жұбаныш жігіт болып қалды. Тоғыз жасқа толды. «Абайдың туған күнінде туған, бұл өзі тегін бала емес деп айтып отыратын». Жұбаныш та әкесі сияқты әзіл-қалжыңға жақын», - дейді Әйгерім Асанова.

Сатирикпен қалай бас құрағанын да баяндады.

«Алланың алдында арым таза. Біреудің өмірін бұзғаным жоқ. Өзім әжемнің қолында өскеннен кейін болар, мектепте оқитын кезімнен үнемі үлкен адамға тұрмысқа шығамын деп айтатынмын. Әжем «түзу сөйле, сөздің киесі бар» деп ұрсатын. Солай өз тілімнен тапқаным ғой. Бірақ өкінішім де жоқ. Көпеннің бірінші отбасымен, балаларымен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Балалар бір-бірімен араласып тұрады. Кеше де бірге болдық. Алматыға отбасылық бір шараға келдік».

Әйгерімнің сөзін сатириктің келіні, үлкен ұлының жұбайы Гүлнар Әйтімова да растады.

«Әйгерім менің енем, арнайы Астанадан шақырып, ұлымызды қырқынан шығардық. Атам Әйгерімді өте қатты жақсы көретін еді. Оларда жастардікіндей махаббат болды. Ешкімнен ондай махаббатты көрмедім. Әйгерім атаны өте қатты жақсы көретін еді, бәрін жасады. Аяғына да массаж жасайтын, дәрілерін де  уақытында беретін. Атаға баладай қарады», - дейді ол.  

Серіктес жаңалықтары