316
Шахтинскте жол талғамайтын көлік аударылып, жолаушылардың бәрі қаза тапты
Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Қайғылы жағдай 18 қыркүйекте Шахтинск – Есенгелді автожолында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шахтинск маңындағы Сарепта ауылынан 4 шақырым жерде жол талғамайтын көлік аударылған. Ішінде екі адам болған.
«Алдын-ала болжам бойынша Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің 74 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне соғылған. Апат салдарынан жүргізушінің өзі де, көлік ішінде болған 37 жастағы жолаушысы да оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция департаменті.
Полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалған.