Халықтық штаб: Қуат тапшылығы – жаһандық сипаттағы өзекті мәселе

АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу – энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау.

Халықтық штаб: Қуат тапшылығы – жаһандық сипаттағы өзекті мәселе
Жетісу облысы. Халықтық штаб
Автор
Админ
220

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері Арыстанғали Арын, Гүлнар Тойлыбаева Панфилов ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, Мемлекет басшысының халықына Жолдауына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Оның  ішінде атом электр стансасының ұтымды тұстары мен маңызы ерекше назарға алынды.

«Қазір дамыған және дамушы елдерде 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс жасап тұр. Бұл ең алдымен энергетикалық тәуелділіктен құтқарады және жаңа жұмыс орындарының санын арттырады. Қуат тапшылығы – жаһандық сипаттағы өзекті мәселе. АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу – энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау. Біздің ортақ шешіміміз мемлекеттің ұзақмерзімді дамуына әсер етеді. Ел игілігі жолындағы батыл қадам бізде де іске асуы керек деп есептеймін», – деді Гүлнар Тойлыбаева.

Әрбір атом электр станциясы табиғи апаттарға төтеп беруді ескерген. Біздің мамандардан бөлек, атом электр станцияларының қауіпсіздігіне АЭС операторларының Дүниежүзілік қауымдастығы жүйелі түрде мониторинг жүргізеді. Ол арқылы біздің сарапшылар атом электр станцияларын пайдалану қауіпсіздігі бойынша барлық әлемдік тәжірибеге қол жеткізе алады.

«Бізге энергия қажет. Бұл орайда елді жеткілікті қуатпен қамтамасыз ету үшін қауіпсіз деп танылған жаңартылатын энергия көздеріне қоса, атом энергиясын пайдалану маңызды. Бұл әр мемлекеттің алдында тұрған мақсат»- дейді Халықтық штабтың Жетісу өңірі бойынша төрағасы Арыстанғали Арын.

Серіктес жаңалықтары