166
Тегін гемодиализ ала алмаған пациент емханадан 50 мың теңге моральдық шығын өндіріп алды
Астана тұрғыны 2013 жылдан бері гемодиализ алып келген. 2016 жылдан бері есепте тұрған.
Мүмкіндігі шектеулі, І-топ мүгедектігі бар, деп жазады turkystan.kz.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында ол 2022 жылы Амбулаториялық гемодиализ орталығымен қызмет көрсету келісімшартын жасаған. Бір жыл емнен кейін Орталық пациентке келісімшарттың біржақты тәртіпте бұзылғаны туралы хабарландыру жіберген. Оған себеп ретінде пациенттің дау-дамайға бейім мінез-құлқын, медицина қызметкерлеріне жасаған бейәдеп қылықтарын көрсеткен.
Нәтижесінде пациент сол күні түнде гемодиализ алу үшін Алматыға ұшуға мәжбүр болған.
Кейін келісімшарттың бұзылуын заңсыз деп тану, Орталықтан моральдық шығын өндіру талабымен сотқа жүгінген.
Сот Орталық келісімшартты заңсыз бұзды деп танып, талапкерге 50 мың теңге моральдық шығын өндіріп берді.