АЭС экономиканың қозғаушы күшіне айналады – халықтық штаб өкілдері

АЭС экономиканың қозғаушы күшіне айналады –  халықтық штаб өкілдері
323

Атырау аймақтық Халықтық штаб өкілдері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау облысы бойынша облыстық филиалының ұжымымен кездесті.

Жиында ақпараттық үгіт-насихат жүргізетін жұмысшы тобының мүшелері Айбар Ерекешов, Эльмира Сапарова, Нұрбол Құрман, Фатима Тулеева АЭС-ын салудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері, экономикаға тигізетін әсері, энергия тапшылығының артуы турасында кеңінен мәлімет берді.

АЭС экономиканың қозғаушы күшіне айналатынын айтқан үгіт-насихатшы топ есеп бойынша АЭС салуға 2 мың жұмысшы жұмылдырылса, қолданысқа берілген соң 8 мың жұмыс орны ашылатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, АЭС құрылысы инфрақұрылымды да дамытуға әсер ететінін жеткізді. Штаб мүшесі Нұрбол Құрман электр энергиясын өндіру мәселесі Қазақстанның даму стратегиясында маңызды орын алатынын атап өтті.

«Газ, көмір түбінде таусылатын пайдалы қазбалар. Олар болашақта азая бастаған кезде бізге баламалы энергия көзі қажет болады. Міне, бізге Атом электр станциясының қажеттілігі осында. Көпшілігі қазір осы уақытқа дейін АЭС-сыз да өмір сүрдікқой деген пікірлер айтып жатыр. Алдағы 30 жылдықта еліміздің халық саны өседі, экономикасы дамиды сол кезде біз энергияны қайдан аламыз? Қазірдің өзінде біз жетппей жатқан жарықты Ресейден эмпорттап алып жатырмыз. Болашақта жетіспеушілік одан сайын арта береді. Сондықтан да өзіміздің электр қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуімізді қазірден бастап ойлауымыз қажет», деді Атырау қалалық мәслихатының депутаты Нұрбол Құрман.

Атом электр станциясын салу энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтудағы басты қажеттілік болмақ. Сондықтан да штаб мүшелері 6 қазан күні референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары