3157
«Бәрін жайып салсам, кіретін тесік таппайсың»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі мәлімдеме жасады
Ол экс-күйеуінің берген сұхбатында айтқандары шындыққа жанаспайтынын және өзіне ауыр тигенін жеткізді.
Танымал актер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызы жазба жариялады.
Ол экс-күйеуінің берген сұхбатында айтқандары шындыққа жанаспайтынын және өзіне ауыр тигенін жеткізді.
«Мен бәрін ашып жайып салсам, жерге кіретін тесік таппай қаласың ғой. Оны өзің де білесің. Біреудің айыбын ашпа деген қағиданы қатты ұстанып едім. Бірақ ақыма кіріп жатыр. Шыдамның де шегі бар. Керек емес жерде сабыр қылғанның өзі – харам. Кәдімгідей ақыма кіріп тұр. Маған ауыр тиіп жатыр. Үндемеді деген сөз – білгенімді істеп, аузыма келгенімді оттай беру емес. Түнде сұхбатты көріп, қатты ауыр тиді. Соншалықты екіжүзді бола ма екен?! Таңертеңге дейін ұйықтай алмадым», – деп жазды блогер.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Жақсыген журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, экс әйелінің сөздерін жоққа шығарған еді.