АЭС – еліміздегі электр тапшылығын шешудің бір жолы – халықтық штаб
Онда штаб өкілдері АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын айтты.
Арыс қаласында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері спорт саласының қызметкерлерімен жүздесті.
Елімізде әр аймақта құрылған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері бүгінде өңірлерде тұрғындармен, түрлі сала өкілдерімен кездесіп, атом электр станциясының маңыздылығын, тиімді тұстарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Онда штаб өкілдері Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Штаб басшысы Бақтығали Ділдәбеков АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілігін түсіндіріп, сонымен қатар АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын айты.
«Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асып жатыр. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы», – деп атап өтті, Бақтығали Сәрсенбекұлы.
Сондай-ақ, Мақтаарал ауданында да АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Мырзакент спорт кешенінде аудан спортшыларымен кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Штабты Мұхтар Сәрсенов бастап барды. Олардың қатарында аудандық мәслихат депутаттары, экологтар және тағы басқа сала мамандары бар. Кездесуде атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өтетін референдум туралы талқыланды.
Бүгінгі таңда дүние жүзінде 62 реактор салынып жатыр, көптеген елдер атом электр станцияларының паркін кеңейту жоспарына кірісті немесе алғашқы атом энергетикасы бағдарламасын әзірлеуде. Жаңа атом электр станциялары, соның ішінде шағын модульдік реакторлы электр станциялары болашақта пайдаланудан шығаруды ескере отырып жобалануда. Басқаша айтқанда, жобалаушылар ядролық энергетикалық реакторлардың қалай бөлшектелетінін құрылыс басталмай тұрып-ақ алдын ала жоспарлайды. Штаб мүшелері спортшыларға осындай мағлұматтар берді. Сонымен қатар, МАГАТЭ елдерге пайдаланудан шығару жұмыстарының тиісті техникалық және нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетінін, қауіпсіздік стандарттарын ұсынатынын жеткізді.
Кездесулер барысында спортшылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауабын алды, өзара пікір алмасты.