АЭС салу арқылы экология мәселесін тиімді шешуге болады – халықтық штаб

Жиында сөз алған штаб мүшелері АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу деген пікір білдірді.

АЭС салу арқылы экология мәселесін тиімді шешуге болады – халықтық штаб
Халықтық штаб
Автор
Админ
323

Степногорск қалалық халықтық штаб мүшелері ірі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, 6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу бойынша референдумға қатысып, ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды.

Жиында сөз алған штаб мүшелері АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу деген пікір білдірді.

«Себебі, 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат жетіспеушілігі сағатына 13 млрд киловаттан асуы мүмкін. Ғалымдар түйткілдің түйінін тарқату үшін атом электр станциясын салуды ұсынып отыр.  Станция салу арқылы экология мәселесін тиімді шешуге болады», - деп атап өтті қалалық штаб мүшесі Асқар Қасенов.  

Ақмола облысындағы ірі кәсіпорын «Степногорск подшипник зауыты» қызметкерлеріне Степногор қалалық халықтық штаб мүшесі Валерий Котович  электр энергиясын өндірудің бірден бір тиімді көзі атом электр станциясын салу екендігін айтуда. Кәсіпорын қызметкерлеріне  штаб мүшелері  еліміз үшін атом электр станцияларының қажеттілігі, АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардың  жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпаратты бөлісті.

Жалпы, штаб мүшелерінің кездесулері Ақмола өңірінің барлық еңбек ұжымдарында, ауыл тұрғындарымен өтіп жатыр. 

 

Серіктес жаңалықтары