Алматыдағы екі оқушының қазасы: Балалар омбудсмені пікір білдірді

Аталмыш жағдай сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Алматыдағы екі оқушының қазасы: Балалар омбудсмені пікір білдірді
КТК арнасы
Автор
Админ
330

Алматы балалар омбудсменің өкілі Диана Ерлан шатырдан секірген 7-сынып оқушыларына қатысты пікір білдірді. 

Аталмыш жағдай сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген. 

Балалар омбудсмені тергеу шаралары жүргізіп жатқанын айтады. Ол облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде ол осы факті бойынша комиссия мүшесі атанған.

«Ата-аналар, қалада психологиялық көмек орталығы ашылды. Балалар буллинг көрсе, осы жерге жүгіне алады. Қазір Қазақстанда 100-ге жуық мектеп буллингке қарсы KiVa бағдарламасын Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесіп, іске асырып жатыр. 2 мектеп осы бағдарламаны жүзеге асырды», – деді Диана Ерлан.

Алматы қалалық білім басқармасы тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, мән-жайды зерделеу үшін комиссия құрды.

«Алматының Алмалы ауданында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таратуға жатпайды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді қалалық білім басқармасы. 

Серіктес жаңалықтары