АЭС: Теміртау халық штабының мүшелері металлургия комбинатының ұжымымен кездесті

АЭС: Теміртау халық штабының мүшелері металлургия комбинатының ұжымымен кездесті
484

Теміртау халық штабының мүшелері металлургия комбинатының өткізу бөлімінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу аясында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ елімізде атом электр станциясын салу жөніндегі референдум бойынша түсініктемелер берілді.

6 қазанда өтетін АЭС құрылысы бойынша референдум Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Әлемнің озық елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді. Қазір Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Кездесу барысында Полина Старкова АЭС құрылысының мерзімдері және АЭС құрылысына жетекшілік ететін мекемелер жайлы сұрақ қойды. Теміртау халық штабының мүшелері келіссөздер, келісімшарттар және сатып алу процестері барынша ашық болатынын түсіндіріп, мәселе бойынша түсініктеме берді.

Атом энергетикасы саласы әлемдегі ең тәртіпті, өйткені қателік бағасы өте жоғары. АЭС жобалау және салу кезінде техникалық қадағалауды тәуелсіз реттеуші жүзеге асырады, құрылыс МАГАТЭ бақылауымен жүргізіледі. Атом электр станциясының құрылысы миллиардтаған  долларлық және ұзақ мерзімді бизнес екенін ескеру қажет, сондықтан нарыққа қатысушылардың беделі өте құнды

Серіктес жаңалықтары