381
Әли Алтынбаев ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болды
Мемлекет басшысы қол қойған тиісті құжат бүгін, 2024 жылғы 16 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған Әли Алтынбаевты жоғарылатты. Қазір ол ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Мемлекет басшысы қол қойған тиісті құжат бүгін, 2024 жылғы 16 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған ресми құжатта.