АЭС:  Халықтық штаб өкілдері Қызылорда облысының бірнеше ауылын аралады

АЭС:  Халықтық штаб өкілдері Қызылорда облысының бірнеше ауылын аралады
Автор
Админ
388

Бұған дейін штаб мүшелері Қызылорда қаласына қарасты Белкөл, Тасбөгет кенттері мен Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарына атом энергиясының маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берген болатын. 

Бүгінгі кездесу барысында жасыл энергия көзінің артықышылықтары кеңінен жеткізіп, ауыл тұғындарын мазалаған сауалдарына нақты жауаптар берді.

«Жалпы бу-газ электрстанциялары электр энергиясын өндіру үшін табиғи газды пайдаланады. Қазақстанда табиғи газ негізінен ілеспе мұнай болып табылады, яғни мұнаймен бірге өндіріледі, сондықтан газ өндіру көлемі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Табиғи газ тасымалы Қазақстан энергетикасы үшін тұрақсыз сипатқа ие және елімізде табиғи газ өндіру көлемі жыл сайын 3%-ға қысқаруы байқалып отыр дейді сала манадары. Бір жағынан газ биржалық тауар болғандықтан, оның бағасы үнемі өзгеріп отырады, бұл тарифтерге қатысты қиындықтар туғызады. Ал, электр энергетикасына ұзақ мерзімді және тұрақты отын көлемі мен бағаның тұрақтылығы қажет. Оның үстіне еліміз уран өндіруден және оның қоры жағынан алдыңғы қатарға жайғасқан. Сәйкесінше, атом энергиясын өндіруге ешқандай кедергі болмайды»,- деді табиғи газдан энергия өндіруге мәселесені қатысты тұрғындар сауалдарына жауап берген штаб мүшесі Ержан Искендер. 

Ауыл тұрғындары да энергияның қаншалықты қажет екенін жақсы сезінеді. Ауылшарушылығы өндірісін дамытуда қуат көзінің маңызы зор. Яғни  сенімді электр энергия болмаса, өндірсті жүйелі жүзеге асыруда екі талай. 

Өз кезінде сөз алған штаб мүшесі Мейрамбек Есжанов атом энергетикасы ауылшаруашылығы саласына да зор септігін тигізетінін тілге тиек етіп, барлық салада дамудың жаңа мүмкіндігі екенін жеткізді.

Ал Қызылордада  аудандық Халықтық штабының төрағасы Ғазиз Әліш және штаб мүшелері Арғын Орымбаев, Нұрлан Алмағамбетов пен Нұркен Ботабаев Қазалы локомотив жөндеу зауытының жұмысшыларымен кездесті. Аудандағы ірі өндіріс орны саналатын зауыт жұмысшыларымен АЭС-тің болашағы мен оның тиімділігі талқыланды.

«Элeктр энeргeтикaсы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa. Қaзіpдің өзіндe біздің eліміздe элeктp энeргиясының тaпшылығы бaйқaлaды. Энeргия көздeрінің жeтіспeуі aлдaғы уaқыттa ірі өндірістік oрындap үшін дe үлкeн мәсeлeге aйнaлуы мүмкін. Өйткeні, бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болары сөзсіз», - деді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.

Ал штаб мүшесі Арғын Орымбаевтың айтуынша, елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық объективті алғышарттар орын алған. Атап, айтқанда уранның бай қоры, оны өңдеу мен өдіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.

Жиын соңында штаб мүшесі, Қазалы локомотив жөндеу зауытының директоры Нұрлан Алмағамбетов еліміздегі АЭС қажеттілігі бойынша маңызды ақпарт алғандарын айтып, ұжым болып қолдайтындықтарын білдірді.

Серіктес жаңалықтары