АҚШ азаматы мұрнында Lego бөлшегі бар екенін 26 жыл бойы білмеген

Ол осы уақытқа дейін мұрнына қатысты аурудың бәрін аллегриямен байланыстырып келген.

АҚШ азаматы мұрнында Lego бөлшегі бар екенін 26 жыл бойы білмеген
әлеуметтік желіден
301

АҚШ-тың Аризона штатында тұратын 32 жастағы Энди Нортон мұрнында Lego бөлшегі бар екенін 26 жыл бойы білмеген, деп хабарлайды Daily Star-ға сілтеме жасап.

Энди мұрнын тазалап жатқан кезде қатты бір заттың шыққаны байқаған. Зәресі ұшқан ол мұрнын жарақаттап алдым деп ойлаған. Алайда ол зат Lego консрукторының бір бөлшегі болып шықты.   

Ол алты жаста болғанда абайсызда мұрнына Lego-ның бөлшегін тығып алғанын айтады. Бірақ ол кезде анасы мұрнын тазалап, ол затты алып шыққан. Алайда араға 26 жылдан соң белгілі болғандай, ол заттың бір бөлшегі осы күнге дейін мұрнында қалып қойыпты.

Ол осы уақытқа дейін мұрнына қатысты аурудың бәрін аллегриямен байланыстырып келген. «Менде ит пен мысыққа және шөпке аллергия болғандықтан, осы күнге дейін мұрнымның ауыруын сол аллергиямен байланыстырып келдім», – дейді ол.

Нортон бұдан былай мұрны ауырмайтынын айтады. Ал әлгі бөлшекті естелік ретінде сақтап қоймақ.

Серіктес жаңалықтары