сейсенбі, 1 сәуір, 2025

"Бір бак жанармаймен – 1 700 шақырым": АҚШ азаматы Гиннестің рекордтар кітабына енді

/
сурет: istockphoto.com
"Ең бастысы – баяу қозғалу, газды бірқалыпты басу және педальды ертерек босату," — дейді көлік жүргізушісі.

Мазмұны

    АҚШ азаматы Уэйн Гердес Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол АҚШ-тың батыс жағалауынан шығыс жағалауына дейін жол жүрген, бұл ретте оның жолына өте аз жанармай кеткен. Бұл туралы pressroom.toyota.com хабарлады.

    Биылғы жазда Гердес Лос-Анджелестің мэриясынан Нью-Йорк мэриясына дейін Prius LE көлігімен жол жүріп, орташа отын үнемдеу көрсеткішін 93,158 миль на галлонға дейін көтерді. 

    "Ең бастысы – баяу қозғалу, газды бірқалыпты басу және педальды ертерек босату," — дейді көлік жүргізушісі.

    Бұл көрсеткіш бұрынғы рекордты басып озды, ол орташа есеппен 70 миль на галлон болатын.

    Бөлісу: