Алматы облысындағы ақылы терминалда болған жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Тергеу жалғасып жатыр

Алматы облысындағы ақылы терминалда болған жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Видеодан алынған кадр
260

Алматы облысындағы Қонаев терминалының маңында жол апаты болып, жүргізуші қаза тапты.

Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-ші шақырымында рульге ие бола алмай, бетон қоршауға соғылып, инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары