Қарағандыда аяғы ауыр көпбалалы аналар есірткі сатқан

Полковник Әбілдин граффити арқылы жарнама жасағандар 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын атап өтті

Қарағандыда аяғы ауыр көпбалалы аналар есірткі сатқан
istockphoto.com
417

Қарағандыда полиция есіркі сатумен айналысқан 53 адамды ұстаған. Олардың араларында аяғы ауыр екі әйел болған, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ұсталғандардың ішінде жүкті екі әйелден бөлек, көпбалалы әйел, төрт студент және кәмелетке толмаған 8 бала бар. Екі әйелдің бірі 2 келіге жуық синтетикалық есірткіні осында жеткізгеен, екіншісі – көпбалалы ана оны қала бойынша таратқан. Екеуі де 8-10 жыл мерзімге сотталды.

Кешкі Қарағанды арнасының хабарлауынша, полицейлер есірткі бизнесімен күресті жалғастырып жатыр.
Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник Әбіл Әбілдиннің айтуынша, жыл басынан бері ақпараттық ресурстар арқылы есірткі сатқандарға 71 қылмыстық іс қозғалған.

Оның ішінде 40-ы – граффити арқылы жарнамалағандар.

Полковник Әбілдин граффити арқылы жарнама жасағандар 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары