Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктер демалыс күндері әлі де кең антициклон Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтиды, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын мәлімдеді. Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады: республиканың шығысында түнгі уақыттарда қарға айналуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшейеді.
Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман, 16 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Күндіз ауа температурасы республиканың батысында +20+30°С, солтүстік-батысында +12+25°С, шығысында +5+18°С, оңтүстігінде +23+32°С, елдің солтүстігінде және орталығында +15+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10+23°С-тан +15+27°С-қа дейін көтерілуі күтіледі.