"Құтқарып қалдық": Бас бапкер Станислов Черчесов Шымбұлақта есінен кетпейтін оқиғаны айтып берді

Ол Шымбұлаққа фуникулёрмен көтерілгенде кабинада жанында отырған отбасылы келіншекті құтқарып қалған

"Құтқарып қалдық": Бас бапкер Станислов Черчесов Шымбұлақта есінен кетпейтін оқиғаны айтып берді
Видеодан алынған кадр
691

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислов Черчесов тауға шыққанда жанындағы адамды бір өлімнен аман алып қалған оқиғасын айтып берді.

Ол Шымбұлаққа фуникулёрмен көтерілгенде кабинада жанында отырған отбасылы келіншекті құтқарып қалған. Қызға дем жетпей жатқанда, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

"Менеджер Болат жанымды болды. Тауға көтеріліп барамыз. Бір қыз күйеуі, екі баласымен жанымызда отырды. Біз тауға көтеріліп кеттік. Сол кезде қыздың жағдайы нашарлай бастады. 20 минутта оны құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін істедік. Медициналық курстағы бар үйренгенімді еске түсірдім. Биіктік оған қатты әсер еткен секілді. Содан кейін бізді күтіп алсын деп қызметкерлерге хабарласып ескерттік. Біз болмағанда жағдай қалай боларын елестете алмаймын. Олар бізді жоғарыда күтіп тұрды, қызды дәрігерлерге тапсырдық", - дейді бас бапкер.

Серіктес жаңалықтары