Асанәлі Әшімов маңызды ақпарат хабарлады (ВИДЕО)

Танымал актер әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.

Асанәлі Әшімов маңызды ақпарат хабарлады (ВИДЕО)
19373

КСРО және Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратына қатысты маңызды жаңалық айтты, деп жазды turkystan.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратының күрдеулі жөндеуден өтетінін атап өтті. Театр ұжымы тарихи ескерткіштер қатарына енетін бұл ғимаратқа 1982 жылы көшіп келген еді. Енді құрылымға 2 жыл күрделі жөндеу жүргізіледі. Сахнаның жарық, дыбыстық қондырғыштары, акустикасы, реквизиттер сақтайтын қоймалар мен арнайы цехтар да түбегейлі жөнделеді. Тарихқа сүйенетін болсақ қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 1941 жылы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде жұмысын бастады. Демек, мәдениеттің ел үшін беделі мол екенін сол дәуірде-ақ айқын анықталған. Халқымыз қиын күндерді бастан өткергенде демеушісі, әрі жұбанышы да өнер, яғни, театр болған. Өнердің дамуы — қоғам дамуының көрінісі екенін ұмытпайық», - деді актер.

Әзірге театр қызметкерлерінің қандай жағдайда жұмыс істейтіні туралы ақпарат жоқ. Ал олардың афишасында қойылымдар қыркүйек айының соңына дейін ғана жалғасатыны көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары