1139
«Менің атым Қожа» фильміне түскен белгілі актриса дүниеден өтті
Бұл туралы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі мәлім етті.
ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері, театр актрисасы Күләш Қажығалиева қайтыс болды. Бұл туралы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Күләш Қажығалиева 1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс атқарды. Ол Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» – Жанар , «Қызыл сұңқарлар»-Маруар , Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» – Қамқа шеше, Ш.Айтматов «Ыстықкөл трагедиясы» – Кемпір, «Ақ кеме» – Кемпір, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Ғани, Ә.Тарази «Жақсы кісі»-Балзия, О.Бөкей «Атау-Кере» – Марфа, «Ауылдан келген ару» – Сәндігүл, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Әже, А.П.Чехов «Шағала» – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.