Балқаштағы жанармай бекетінің маңында жарылыс болды

38 жастағы көлік жүргізушісі түрлі деңгейдегі күйік жарақатын алды.

Балқаштағы жанармай бекетінің маңында жарылыс болды
Скриншот
200

Қарағанды облысында Балқаш маңындағы жанармай бекетінде көліктегі газ-ауа қоспасы жарылды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлайды.

Оқиға салдарынан жүргізушісі зардап шекті Телеарна мәліметінше, баллон құрылғысының жөнделмеуіне байланысты газ-ауа қоспасы көлік салонында аққан. Артынша жарылыс болған. 38 жастағы көлік жүргізушісі түрлі деңгейдегі күйік жарақатын алды. Ол ауруханаға жеткізілді. Осы ретте құтқарушылар көлік жүргізушілеріне автокөліктің техникалық жарамдығын үнемі тексеру керек екенін айтты.

"Балқаш қаласының ТЖ басқармасы мынадай қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды: құбырлардың, газ және бензин клапандарының қосылуының герметикалығына назар аударған жөн, газ баллонын сынау мерзімі өткен газ отынымен жүретін автомобильдерді пайдалануға жібермеу керек. Электр сымдары мен аспаптардың жарамдылығын қадағалау, автокөлікке уақтылы техникалық қызмет көрсету, сондай – ақ автокөліктің отын және электр жүйесінің жарамдылығын қадағалау», - деді құтқарушылар қазақстандықтарға.

Серіктес жаңалықтары