415
Астанадағы мектептердің бірінде оқушыны ұрып-соғу фактісі анықталды
Жазба авторының айтуынша, жасөспірімге күш көрсету елордадағы № 83 мектеп-гимназияда болған.
Елордада 4 қыркүйек күні бір топ жасөспірім оқушыны соққыға жығып, оны видеоға түсірген.
Желіде жарияланған видеодан бірнеше оқушының жасөспірімді бұрышқа тақап қойып, ұрып-теуіп жатқанын байқауға болады.
Жазба авторының айтуынша, жасөспірімге күш көрсету елордадағы № 83 мектеп-гимназияда болған.
Сондай-ақ, бұзақылар басқа оқушыларға да күн көрсетпейтіні айтылған.
Аталған оқиғаға қалалық білім басқармасы пікір білдірді.
«Аталған жағдай 4 қыркүйекте болған. Бүгінде бұзақылардың кім екені анықталды. Мектеп басшылығы тәртіп сақшыларымен бірлесіп балалар және олардың ата-анасымен түсіндіру жұмысын жүргізді. Сонымен қатар оқушылардан сұрау алынып, олар мектепішілік бақылауға қойылды», — деген жауап алдық басқарманың баспасөз қызметінен.