363
Оралда қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 300 млн тапқан келіншек сотталды
Орал қаласының соты 2019-2020 жылдары «Качество PLUS» ЖШС қаржылық пирамидасын құрған келіншекке қатысты үкім шығарды.
Ол «кірістілігі жоғары инвестициялық табыс табасыздар» деп, 73 салымшыдан ақша алған. Келген шығынның жалпы сомасы 143 млн теңге, деп хабарлайды turkystan.kz.
Одан кейін өзіне жеке-дара билік өкілеттігін алып, «Свой ДОМ.kz» азаматтардың тұтыну кооперативінен және «Pater Hause» тұрғын үй – құрылыс кооперативінен жалпы сомасы 161 млн теңгені жымқырған.
Сот оны кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан да айырып, 10 жылға қаржы ұйымына қатысушы болу құқығын шектеді.
Одан бөлек сот үкімімен сотталушыға тиесілі жер телімі мен автокөлік шығын орнына қайтарылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.