«Фотоға белімнен жоғары түсір»: Белгілі журналист Мақпал Жүнісованың Моңғолиядағы қылығы жайлы айтты

Журналист Арнұр Асқар Мақпал Жүнісованың Моңғаолияға сапары жайлы естелікпен бөлісті.

«Фотоға белімнен жоғары түсір»: Белгілі журналист Мақпал Жүнісованың Моңғолиядағы қылығы жайлы айтты
1789

Желіде әнші Мақпал Жүнісова жайлы пікірлер легі әлі де толастар емес, деп жазды turkystan.kz.

Әншінің жеке басына қатысты пікір айтушылар мен оның қатысуымен болған оқиғалар жайлы баяндаушылар да табылып жатыр. Әлеуметтік желіде журналист Арнұр Асқар өнер адамының шетелдегі сапары жайлы қызық естелікпен бөлісті.

«Мақпал демекші... Біздің де жүрмейтін жеріміз жоқ. 2008 жылдың жазында Баянөлгейге жол түсті. Мақпал Жүнісова апамыз да барды, стадионда концерт берді. Өлкенің 70 жылдығы, Ұлан-Батордан да әйдіктері келген. Ондаған мың адам жиылған стадионда 1 метрдей биік тұғыртастың үстінде 15 метрдей сырықта Моңғолияның туы желбіреп тұр. Апамыз қыза-қыза келе  тұғырға қарғып мініп, туды сырығынан ұстап тұрып «Қазақтың ерке қызымын» деп әндетті ғой. Моңғолдардың түрі бұзылып кеткенін байқадым. Біздің делегацияның басшылары да қипақтап қалды. Әйтеуір ол кезде қазіргідей видеоға түсіріп алып таратып жіберу жоқ. Жергілікті моңғолдар мен басшылар біраз бұрқылдап басылды. Концерттен соң қасымдағы журналист қыз «Мақпал апайға барайық, сұхбат алайық» деді. Қонақүйге бардық. Апамыз жарқылдап атып шықты. Номерде қалай жүрсе, сол киіммен шыға салған ғой. «Әй, балалар, апаларыңа қарамаңдар. Фотоға белімнен жоғары түсіре беріңдер» деп күледі. Жалпы, ол - мықты әнші, жарқылдаған кісі. Ішуді, мас болып эфирге шығуды құптамаймын. Бірақ болары болған екен, оны несіне жазғырамыз», - деп жазды автор.

 

Серіктес жаңалықтары