Тоқаев Қостанайдағы кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті

Мемлекет басшысы өндірістегі жергілікті үлесті арттыру, білікті мамандар даярлау және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту қажет екеніне тоқталды.

Тоқаев Қостанайдағы кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті
Akorda
Автор
Админ
259

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның еңбек ұжымымен жүздесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Зауыт жұмысшылары Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын зор ықыласпен тыңдағанын, әсіресе, жұмысшы мамандардың беделі арта түсетініне ерекше қуанғандарын жеткізді.

Мемлекет басшысы орталық жұмысшыларымен әңгімелесу барысында өндірістегі жергілікті үлесті арттыру, білікті мамандар даярлау және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту қажет екеніне тоқталды.

− Елімізде тозығы жеткен техникалар өте көп. Кейбір мамандардың айтуынша, ол 80 пайызға дейін жеткен. Қазақстанда шығарылған техниканың есебінен барлық паркті жаңартатын уақыт келді. Қазір колледждерде жұмысшы мамандықтар бойынша білім алған жастардың өндіріске келгені қуантады, − деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде зауыт еңбеккерлері машина жасаушылардың атынан Президентке жұмысшы мамандарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

 

Серіктес жаңалықтары