Алматыда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы ұсталды

Сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Алматыда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы ұсталды
istockphoto.com
173

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы мен екі қызметкерін ұстағанын мәлімдеді.

«Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіліп жатыр.

Лауазымды адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 361 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 362 (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 366 (Пара алу) баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдіктелуде», - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары