Жүк көлігінің салмақтық нормаларын сақтамағаны үшін айыппұл салынады

Астана қаласына негізгі кіреберіс жолдарда автоматтандырылған өлшеу жүйесі іске қосылды.

Жүк көлігінің салмақтық нормаларын сақтамағаны үшін айыппұл салынады
istockphoto.com
315

Жүк көлігінің салмақтық нормаларын сақтамағаны үшін елеулі шаралар мен айыппұлдар салынады. бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана қаласына негізгі кіреберіс жолдарда автоматтандырылған өлшеу жүйесі іске қосылды. Құрылғы жолдардың бұзылуына жол бермеуге ықпал етеді.

Жүк көліктері жүк тасымалдау барысында белгіленген нормадан асқан жағдайда әкімшілік шаралар қарастырылғанын ұмытпаған жөн.

Минситрліктің мәліметінше, автоматтандырылған өлшеу жүйелері іске қосылған сәттен бастап инспекция қызметкерлері салмақ параметрлерін ұстанбау және жүргізушілердің заң талаптарына бағынбау фактілерін тіркеп отыр. Мәселен, бұндай оқиға жақында Астананың айналма жолында, нақтырақ айтсақ Қызылсуат ауылының маңында тіркелді. Бірнеше жүк көлігінің жүргізушілері көліктік бақылаудан бас тартып, оқиға орнынан қашып кетіп қалуға тырысқан. Оқиға барысында ауыр жүк көліктерінің бірі инспекцияның қызметтік машинасына механикалық зақым келтірді. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, ал көлік айыппұл тұрағына жіберілді.

«Ауыр жүк көліктерін жүргізушілерден ережелерді қатаң сақтауға және белгіленген салмақ параметрлерінен аспауға шақырамыз. Бұл нормаларды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады», - деп атап өтті Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі.

Серіктес жаңалықтары