241
Ақтау – Мұнайлы тас жолында апат болып, үш адам өртеніп кетті
Жанып жатқан автокөліктердің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Оқиға Маңғыстау облысында, Ақтау – Мұнайлы тас жолында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«8 қыркүйек күні сағат 15:35-те Mitsubishi Montero және КамАЗ көліктері соғылған. Апат салдарынан екі көлік те түгелдей жанып кеткен. Оқиға орнына келшен ТЖД қызметкерлері өртті 16:19-да сөндірді»-деп хабарлады министрлік.
Алдын-ала дерек бойынша бірнеше адам қаза тапқан. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.