Алтын медаль үшін өтетін кездесу ертеңге жоспарланған.
Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Жартылай финалдық белдесуде Ризабек америкалық қарсыласын 9:1 есебімен жеңді.
Турнир барысында ол Грекия және Иран балуандарын ірі есеппен ұтқан болатын.
Финалда Ризабек Айтмұхан әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдеседі.