«Холанд гол соға алмай кетті»: Қазақстан мен Норвегия ойыны тең аяқталды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ұпайына қол жеткізді.

«Холанд гол соға алмай кетті»: Қазақстан мен Норвегия ойыны тең аяқталды
сурет: prosports.kz
636

Алматыда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бірінші таймда қонақтар допқа толық иелік етті, ал Феликс Мюрдің соққысы отандасымыз қорғаған қақпаның бағанасына тиіп кері серпілді. Норвегия құрамасы қанша шабуылдағанымен есеп ашылмады. Ойынның екінші бөлігінде Эрлинг Холандтың гол соғатын мүмкіндігі болды. Алайда оның шабуылдары нәтижесіз аяқталып, гол соға алмай кетті. Станислав Черчесов екінші таймда бірнеше ойыншыны алмастырды. Тіпті қазақстандықтарда гол соғатын мүмкіндіктер де болды. Жалпы ойын 0: 0 есебімен аяқталды.

Серіктес жаңалықтары