361
Қарағанды облысында колледж директоры 17 млн теңгені жымқырған
Қарағанды облысының Шет агротехникалық колледжі директорының заңсыз әрекеттерінің салдарынан бюджетке 16,9 млн теңге шығын келген.
Шет ауданының прокуратурасы «Шет агротехникалық колледжі» КММ-нің соңғы үш жылдағы мемлекеттік сатып алуларын тексерген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Колледж директоры жеке пайда табу мақсатында өзінің қызметін пайдаланып, мемлекетке 16,9 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.
Атап айтқанда, 2022 жылы «Шет агротехникалық колледжі» КММ мен ЖШС арасында қазандық жабдықтарын орнату туралы келісім жасалған. Директор сметалық құжаттарға өзгеріс енгізу арқылы қосымша келісімге қол қойған. Бірақ қазандықтар техникалық талаптарға сай келмей, соңында істен шыққан. Соның салдарынан күні бүгін тозған, ескі қазандықтар қолданылуда.
Қазір қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.