Каспий теңізінде 2 метр тереңдіктен жас жігіттің денесі шығарылды

Қайғылы оқиға 3 қыркүйек күні сағат 19.40-та 7а шағын ауданында болған.

Каспий теңізінде 2 метр тереңдіктен жас жігіттің денесі шығарылды
istockphoto.com
298

Ақтаудың 19 жастағы тұрғыны Каспий теңізіне шомылып, суға батып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 қыркүйек күні сағат 19.40-та 7а шағын ауданында болған.

«Каспий теңізінің жағалауында (тереңдігі 2 метр, жағалаудан 100 метр), ТЖД ОСО күштерімен (9 құтқарушы, 2 техника, 1 жүзу құралы және 1 дрон) 2003 жылы туған Т. денесі табылып, судан алынды. Ол сағат 18:55-те шомылу үшін жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде батып кетті», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары