ҰҚК зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттаған 6 адамды ұстады

Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық әрекеттері үшін сотталған.

ҰҚК зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттаған 6 адамды ұстады
ҰҚК
293

Ұлттық қауіпсіздік комитеті деструктивті діни ағымды насихаттаған Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдікті ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Оларға өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деген күдік келтіріліп отыр..

 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұсталған адамдардан заттай дәлелдер табылды және алынды, оның ішінде 3 граната бар.

Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық әрекеттері үшін сотталған.

Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«Биылғы тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді»,-деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары