Алматыда мектеп директорының оқушылармен билеген видеосы көпті сүйсінтті

Болат Мыңбаев алғашқы қоңырауда бірінші сынып оқушыларын қолдау мақсатында олармен бірге билеген.

Алматыда мектеп директорының оқушылармен билеген видеосы көпті сүйсінтті
коллаж: Тurkystan.kz
405

2 қыркүйек күні Алматыдағы №209 мектеп директорының билеген видеосы желіде тарап, көпті сүйсінтті.

Белгілі болғандай, директор Болат Мыңбаев алғашқы қоңырауда бірінші сынып оқушыларын қолдау мақсатында олармен бірге билеген.

Сондай-ақ, видеода мектептің іс-шарасына әнші Айжан Нұрмағанбетова келгенін көруге болады.

Болат Мыңбаевтың 37 жаста екені белгілі болды. Ол тарих пәнінің мұғалімі екен. Оның педагогикалық өтілі – 16 жыл.

Серіктес жаңалықтары