944
«Шок болып отырмын»: Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығын жария етті
Өнер иесінің айтуынша, тұңғыш қызы Аяулым тағы бір Қытай елінің университетінен шақырту алған.
Әнші Алтынай Жорабаева қызына қатысты тағы бір жаңалығын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесінің айтуынша, тұңғыш қызы Аяулым тағы бір Қытай елінің университетінен шақырту алған.
«Шок болып отырмын. Өткенде BFSU -ға шақырту алып еді ғой. Енді осы Minzu university of China-дан шақырту келді. Аяулым осы екі университеттің бірін таңдау керек. Қазір осы Minzu университетін қарап жүрміз. Содан кейін BFSU -ге барамыз дейді. Салыстырып қараған соң, шешім қабылдамақ.
Қазақстандағы Қытай елшілігіне мың алғыс. Бас елшінің: «Екі елдің достығы үшін, болашақ ұрпақ жақсы білім алуы тиіс деп бар көмегін аямады. Не деген бақыт! Не деген қуаныш!», – деп жазды әнші.