Атырау облысындағы әскери бөлімнен бір сарбаз қашып кеткен

Сарбаз Атырау облысының Исатай ауданында орналасқан 5575 әскери бөлімшесінен қашқан

Атырау облысындағы әскери бөлімнен бір сарбаз қашып кеткен
ainews.kz
1027

Атырау облысында шекарашы әскери қызметін өтеуге келген азамат қашып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ол сарбаз Атырау облысының Исатай ауданында орналасқан 5575 әскери бөлімшесінен қашқан. Әскерге шақырылушының жоғалып кеткені бірден байқалды. Артынша оны Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті шекара қызметінің қызметкерлері ұстады.

Ол ұсталды. Қашу себебі анықталып жатыр. Бірақ оның әскердегі әлімжеттіке қатысы жоқ, - дейді дереккөз.

Еске сала кетсек, сарбаз қашып кеткен шекара заставасы 2018 жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. Одан кейін Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен шекарашылар үшін 50 орындық модульдік ғимарат салынған. Бұған дейін жаңа шекара заставасының орнында Жанбай заставасын техникалық бақылауға арналған радиолокациялық станция болған.

Тағы бір айта кетерлігі, мамыр айында Атырау гарнизонында әскерге шақырылған азамат қару алып қашып кеткен болатын. Әскери бөлім қызметкерлерінің өздері де, полицейлер де қашқынды ұстауға әрекеттенген. Бірақ ол атыс бастағаннан кейін «Арлан» арнайы жасағы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін іске тартуға тура келген еді. Қашқын сарбаз кейін өз еркімен берілді.

Серіктес жаңалықтары