Астанада монша кешенінен өрт шықты

/
Астанада монша кешенінен өрт шықты
Видеодан скриншот

Астанада монша кешенінен өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астананың Сарыарқа ауданында, Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінің шатырынан өрт шықты. 10 шаршы метр аумақта желдету жүйесінің жылу оқшаулағыш материалы мен электр кабельдері жанған.

ТЖД қызметкерлері бірінші қабаттағы дәмхана мен бильярд залынан 60 келушіні қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Энергетикалық компания мамандары нысанды электр желісінен ажыратқаннан кейін өрт толық сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары