Банк қызметкерлері қайтыс болған әріптесінің жанында бірнеше күн жұмыс істеген

Компанияның хабарлауынша, қызметкер кеңсенің адам аз шоғырланған жерінде отырған. Сондықтан басқа қызметкерлер ештеңе байқамаған

Банк қызметкерлері қайтыс болған әріптесінің жанында бірнеше күн жұмыс істеген
istockphoto.com
5890

Аризона банкінің қызметкері Денис Прюдом қайтыс болғанына төрт күн өткен соң табылған, деп жазады turkystan.kz NBC News арнасына сілтеме жасап.

Қызметкерлерді есепке алу жүйесі соңғы рет 16 тамызда ғимаратқа 60 жастағы әйелді кіргізгенін тіркеген. Содан кейін ол кеңседен шықпаған.

Төрт күннен кейін компания қызметкерлері жағымсыз иісті байқап, кеңседегі су құбырында ақау бар деп ойлаған. Алайда күзетшілер тексеру кезінде Прюдомның кеңсесіне кіріп, әйелдің қайтыс болғанын көрген.

Компанияның хабарлауынша, қызметкер кеңсенің адам аз шоғырланған жерінде отырған. Сондықтан басқа қызметкерлер ештеңе байқамаған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілерін таппаған. Олар әйел табиғи себептерден қайтыс болды деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары