«Астана» УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Елордалық клуб Конференция лигасы плэй-офф кезеңінде норвегиялық «Бранн» командасымен кездесті. Алғашқы ойында норвегиялықтар 2:0 есебімен жеңген болатын.
Сондықтан қарымта матчта «Астанаға» үш гол айырмашығымен жеңу керек еді. Алматыдағы Орталық стадионда елордалықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Үш гол да үзілістен кейін соғылды. Чинеду Джеффри 61-минутта есеп ашты. 81-минутта Джеффри есепті еселеді. Ал 91-минутта алаңға шыққан Рамазан Кәрімов бірнеше секундтан соң «Астананың» үшінші голын салды.
Осылайша, елордалық клуб камбэк жасап, екі матч қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңді. «Астана» биыл да Конференция лигасының топтық кезеңінде бақ сынайды.