«15 мың теңге пара алған»: БҚО-да мекеме қызметкері қылмыс үстінде ұсталды

Мекеме қызметкерінің тыйым салынған марихуана заттарын әкелу фактілері анықталды.

«15 мың теңге пара алған»: БҚО-да мекеме қызметкері қылмыс үстінде ұсталды
istockphoto.com
569

Батыс Қазақстан облысында Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қыметкері қылмыс үстінде ұсталып, сот үкімімен 450 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Бас прокуратураның тапсырмасын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды жақсартудың 2023-2025 жылдарға арналған жол картасын іске асыру шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесінде тәртіпті қалпына келтіру бойынша мақсатты іс-шаралар жүргізеді.

Арнайы іс-шаралар материалдары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Жүргізілген іс-шаралар барысында делдал арқылы 15 мың теңге көлемінде кезекті пара алу және 3 ұялы телефонды алып кіргені үшін мекеменің режимдік бөлімі бастығының міндетін атқарушы қылмыс үстінде ұсталды.

Бұған қоса, мекеме қызметкерінің тыйым салынған марихуана заттарын әкелу фактілері анықталды.

Іс бойынша жауап алынған күдікті мекеме қызметкері кінәсін мойындады, - делінген хабарламада.

Орал қалалық сотының 16.07.2024 жылғы үкімімен мекеме қызметкері Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша пара сомасының отыз еселенген мөлшерінде, яғни 450 мың теңге айыппұл салумен сотталды.

Осы үкіммен тағы 2 адамға қатысты түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.     

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары