«Рахман қайнары» шипажайы мемлекет меншігіне берілді

«Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған.

«Рахман қайнары» шипажайы мемлекет меншігіне берілді
ШҚО әкімдігі
524

«Рахман қайнары» шипажайы электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың балансына өтті. Бұл туралы ШҚО әкімдігі мәлімет таратты, деп хабарлады turkystan.kz.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметнше, электронды сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.

«22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ», - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор - ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

Серіктес жаңалықтары