Баланы құдықтан ТЖМ құтқарушылары шығарып алған, деп хабарлады
«Бүгін Қарағанды қаласы Ә.Бөкейханов ауданы К. Цеткин көшесі бойында 2014 жылы туған бала абайсызда ашық құдыққа құлап, өздігінен шыға алмады», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар баспалдақтың көмегімен жасөспірімді құдықтан аман-есен шығарды, оған медициналық көмек қажет болмады.