Сара Тоқтамысова: Әйелдер менмендікке салынып бара жатыр

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова отбасындағы қаржы мәселесіне қатысты ойын айтты.

Сара Тоқтамысова: Әйелдер менмендікке салынып бара жатыр
Әлеуметтік желі
Автор
Админ
551

Ол әйелдердің менмендікке салынып бара жатқанын, ақылды серік еткен әйелдің ешқашан адаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазір, біз, әйелдер менмендікке көп салынып бара жатқан сияқтымыз. Қай білгіштің ойлап тапқанын білмеймін, бірақ мына бір сөз бар: «Менің тапқаным – менікі, күйеуімнің тапқаны – біздікі»-деп ұрандатып отырады. Мен бұл жерде жатып ішер жалқау, өмір бойы әйелінің мойнында масыл болып отыратын ер адамдарды айтып отырған жоқпын. Ал күйеуің кризиске кіріп кетті делік. Сондай кезде «Ой, менің күйеуім түк таппайды, менің қалауымды орындамайды» деп, өзін кім көрінгенмен салыстыра берсе әйел өзінің берекесін өзі қашырады. Осы кезде небір ақылгөйлер көбейеді. «Саған оның не керегі бар, өзің ақшаны жақсы табасың» деп ақылын тықпалайтындар табылады. «Әйелге ақыл керек» деген осыдан шыққан. Ақылды жолдас қылса, ешбір әйел адаспайды»-дейді Сара Тоқтамысова.

 

 

Серіктес жаңалықтары