507
«Ертерек үйлену керек»: Сәкен Майғазиев ұлына ақжарма тілегін жеткізді
Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, тұңғышын туған күнімен құттықтады.
Әншінің әрі тұңғышы, әрі жалғыз ұлы Әділет 26 жасқа толған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Алла ұлық! Бүгін әжесінің ақылдысы, тұла бойы тұңғышымыз Әділет Сәкенұлы 26 жасқа толды! Алла Тағаланың мейіріміне бөленген сүйікті құлы, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Оған Алланың сансыз салауаты болсын) лайықты үмметі, елімізге пайдасы тиетін, қазақ халқының адал перзенті, әулетіміздің зүриятын өрбітер салиқалы ұрпағы бол, құлыным! Ол үшін не істеу керек? Ертерек үйлену керек!»-деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да әкенің ақ тілегін қолдап, Әділетке жақсы тілек-лебіздерін жаудырып жатыр.