400
16 жастағы жасөспірім көлікпен жол ережесін өрескел бұзған (ВИДЕО)
Құқық бұзушымен және оның заңды өкілімен тиісті түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Алматы қаласының ПД кәмелетке толмаған жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағытта Mercedes-Benz автокөлігінің қарсы жолаққа шыққаны анықталды. Бұл Тимирязев көшесінің қиылысында болды.
Полиция жедел түрде жүргізуші — 2008 жылы туған И.А. есімді азаматты анықтады. Оның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ.
Кәмелетке толмаған бала Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу).
Оның заңды өкілі У.Г. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Құқық бұзушымен және оның заңды өкілімен тиісті түсіндірме әңгіме жүргізілді.