446
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Апат Қобда ауданы, Әлия Молдағұлова атындағы ауылға жақын маңда болған.
Самара – Шымкент тас жолында Mercedes жүк көлігі мен Volkswagen-Polo соқтығысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жеңіл көліктің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Оның екеуі бала. Жүргізуші мен үш жастағы бала ауруханаға жеткізілген. Бірақ бала ауруханада көз жұмды. Жүргізушінің жағдайы тұрақталған, ауыр жағдайда жатыр.
Қазір полиция тергеу жұмыстарын бастады.