Балқаш қаласынан Тасарал ауылына дейінгі бағыт ақылы болады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ашық НҚА» порталында Көлік министрінің «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Балқаш – Бурылбайтал ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығының жобасы шықты.
Құжатқа сәйкес, 91 км жол үшін мынадай тариф белгілеу жоспарлануда:
- жеңіл автомобильдер үшін - 300 теңге;
- 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 2.5 т жүк көліктері үшін — 740 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 5.5 т жүк көліктері үшін – 1480 теңге;
- 32 орыннан асатын автобустар мен жүк көтергіші 10 т жүк көліктері үшін —2250 теңгеге дейін;
- жүк көтергіштігі 10-нан 15 т-ға дейінгі жүк көліктері үшін - 3020 теңге;
- жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері үшін — 3760 теңге.
Басқа ақылы жолдардағыдай, жолға іргелес ауыл тұрғындары үшін құны 7384-тен 36 920 теңгеге дейінгі айлық абонементтер және бағасы 3692-ден 369 200 теңгеге дейінгі жылдық жол жүру ақысы көзделеді.