Құлдықта болған 16 жастағы қыз: Нүкенованың ағасы оқушыға 17 млн теңге жинап берді

Айтбектің айтуынша, шығындар күн сайын кестеге жазылып отырады.

Құлдықта болған 16 жастағы қыз: Нүкенованың ағасы оқушыға 17 млн теңге жинап берді
instagram
1748

Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жастағы оқушыға еріктілер 17,9 млн теңге жинап берді. Бұл туралы марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Айтбектің айтуынша, бас аяғы 17 млн 984 мың 909 теңге жиналған. Қазіргі кезде 922 мың теңгесі жұмсалып қойған.

Қыздың таксидегі ақшасы, қонақ үйдегі броны, билетінен басқа олар 100 мың теңгені НеМолчи қорына аударған. Қызын күнде ауруханаға апару үшін анасына тағы 100 мың теңге аударған және оқушы қызға 200 мың теңгеге шпиц тұқымды күшік сатып алып берген. Тағы 100 мың теңгені азық-түлігіне аударған.

Сондай-ақ, кестедегі шығындар күн сайын жазылып отырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деген ақпарат тараған болатын.

ІІМ аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кәмелетке толмаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеген еді. Тергеу сотымен күдіктілерге қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылған.

 

Серіктес жаңалықтары