434
Ақтөбе облысында 20 тонна мектеп дәптерін өртеген күдікті ұсталды
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді.
Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады.
Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын.
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.